{gallery}13022017{/gallery}Жетісу жері жазиралы Жаркент қаласында қыз-келіншек, әйелдерге арналған семинар тренинг болып өтті. Алматы облысы дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен болып өткен бұл семинар-тренингке Нұр-Мубарак университеті "Исламтану" кафедра меңгерушісі, дінтанушы Шәмшат Әбілдаева қатысты.
Дінтанушы Исламдағы әйелдің орны мен рөлі, жанұя шаттығы, бала тәрбиесі және қоғаммен қарым-қатынас туралы кең ауқымды лекция оқып берді.
Сонымен қатар, Исламға жат ағымдар мәселесі де шет қалған жоқ. Қазіргі замандағы асыл дінімізге кір тағып, керағар топтардың зардап-зияндары туралы да әңгіме өрбіді.
Тренинг соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сан-алуан сұрақтарға жауап берілді, жамағат ризашылықпен тарқасты.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі