{gallery}090.{/gallery}Көксу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында (ЦОН) қатер төндіретін жат ағымдардан сақ болып, ынтымақты ту етіп, бірлікті берік ұстап, имандылықты жанына серік ету мақсатында кездесу болып өтті.
Жиын барысында орталық қызметкерлеріне Асыл дініміз – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екенін атап өтіп, Ислам дінінің ерекшеліктері мен негіздері,тарихы мен мәдениеті жайында толыққанды баяндалып және де басқа өзекті мәселелер жан-жақты насихатталды,сонымен бірге жеке кездесу өткізіп қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі