{gallery}06032017{/gallery}
Талдықорған өңірі, Ақсу ауданының бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы ауданға қарасты Ақсу ауылына іс-сапармен барды. Алғашқы кездесу ауылдық аурухана қызметкерлеріне «Адам өмірінің құндылығы тақырыбында уағыз-насихат айтылып, сұрақтарына жауап берілді. Келесі кездесу ауылдық Мамания орта мектебінде «Жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына өткізілді. Соңғы уағыз-насихат жұмыстары ауылдық мешітте жұма намазы алдында «Ата-анаға құмет жасау» тақырыбында болды.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.