{gallery}28022017{/gallery}Алакөл ауданының бас имамы Әнет Омарханұлы мешіт жамағаттары арасында береке-бірлік пен бауырмалдықты арттыру мақсатында ИМАНДЫ ҰРПАҚ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ атты шағын футбол жарысын өткізді. Футболға жалпы алты команда қатысты. Күндізгі сағат оннан кешкі алтыға дейін жалғасқан тартысты бәсекеден кейін бірінші орынды Еңбекші мешіт жамағаты иеленсе, екінші орын Жайпақ мешіт жамағаттарына бұйырды. Ал үшінші орынға қалалық мешіт жамағаты ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, бас жүлдені Қарабұлақ мешіт жамағаты иеленіп, кубогты жеңіп алды. Сондай-ақ, әр командадан үздік шабуылшы мен үздік қақпашылар мадақтама грамотасымен марапатталды.