{gallery}2702{/gallery}Көксу ауданы Мәмбет ауылы Егінбаев атындағы орта мектебінде діни ахуал, теріс ағымдардан сақтану туралы семинар болып өтті.
Кездесуде мешіт имамы Асыл дінімізді насихаттап, түрлі теріс ағымдардан сақ болуға және де жастарға халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарын, мәдениетімізді, және ата-бабаларымыздың артына қалдырған өсиеттері мен тарихи мұраларын бойларына сіңіріп, жат рухани-мәдени ықпалдан аулақ болуға баулу және отансүйгіштікке, ел бірлігі мен адамгершілікке тәрбиелеуге қатысты уағыз айтты.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі