×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/15022017
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/15022017
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Имамдардың игі ісі

16 Feb 2017 0 comment Оқылды: 723 рет


{gallery}15022017{/gallery}Алакөл ауданы Екпінді ауылына былтыр мамыр айында Қытай Халық Республикасынан  көшіп келген Дүйсенбайұлы Дәукен ақсақалдың үйі кенеттен өртеніп, бала-шағасымен үйсіз далада қалған еді. Ауыл имамы Қауышұлы Бақытбек дереу арада жан-жаққа хабарласып, елді Дәукен ақсақалдың жанұясына көмек қолын созуға шақырған еді. Көп түкірсе көл демекші ауданның бірнеше ауыл аймақтарынан, атап айтсақ Қөқтұма, Ақтүбек, Бескөл, Қазақстан, Ынталы, Үшарал, Екпінді, Қызылқайың, Теректі, Ақжар, Жамбыл ауылдарынан жиналған қаржылай  көмек 430,000 теңгені құраса, одан бөлек  бес бас мал, киім-кешек пен көрпе жастық та жиналды. Қарабұлақ ауылының имамы Оразбаев Марлан бастап  ауыл халқы болып жинаған 120,000 теңге қаржылай көмегін берді.  Ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы имамдармен бірігіп, қал-жағдайын біліп, өз көмектерін көрсетіп қайтты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз