{gallery}12022017{/gallery}Талдықорған қаласы "Жастарға қызмет көрсету орталығында" қыз- келіншектерге арналға еркін отырыс болып өтті. Отырысқа мамандар ретінде «Нұр-Мүбарак» университеті Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, дінтанушы Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы және исламтанушы-магистр Айдарова Мақсат Тұрлыбайқызы қатысты. Облыстық жастар баскармасымен бірлескен түрде өткізілген бұл отырыс сұрақ-жауап форматында өтті. Дін және мешіт қызметі және өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға Талдықорған орталық "Иман" мешітінің найб имамы Ардақ Нүсіпханұлы жауап берді.