{gallery}12{/gallery}Кербұлақ ауданы орталығындағы Сарыөзек ауылдық мешітінде, аудан имамдарының ұйымдастыруымен өткен шарада әр округтен келген және Сарыөзек ауылының әйелдері бас қосты. Атап айтсақ, олар- ауылдық әйелдер кеңесінің және ауылдық әйелдер алкасының төрайымы, ақ жаулықты әжелер, батыр аналар, ұстаздар, тәрбиешілер, уй шаруысындагы және өзгеде мамандық иелері.
Талдықорған бойынша өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы, Аудандық мешіттің имамы Сейтқали Андақұлов және Сарыозек ауылдык мешітінің бас имамы Бердібек Нұқтарұлы жиылған әйелдер қауымына бүгінгі отырыстың мән-жайын түсіндіріп, әйелдерге діни сабақ жүргізгелі келген қонақтарды таныстырды. Олар залда тек әйел адамдарының емін –еркін отырып , өзара сұхбаттасуына емен –жарқын әңгімелесуіне мүмкіндік туғызып, өздері сыртқа бет алды.
Нұрмүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану кафедрасының менгерушісі Шамшат Әділбаева көпшілікпен амандасып ,Алланың уйі-мешітке ақжаулықты аналдардын көптеп жиналғанына ризашылығын білдірді.
-Құрметті әжелер, апкелер, сіңілілір, Алла тағаланың үйіне жиналып отырмыз. Келген қадамдарыңызға Алла тағала сауаптар жазсын, -дей келе, жиынның пердесін дұғамен ашты.Жәннаттың ханшайымы болған төрт әйел, олар –Хадиша ,Әсия, Мариям,және Фатима турасында хикаялар айтып, әркез әйелдердің қандай болу керектігі жөнінде,осы аттары аталған ханшайымдардан үлгі алуымыз керектігін, сабырсыздықтан дүниеқұмарлықтан ада болып, мұсылманның бес парызын орындап, ой, тіл және әрекет арқылы шүкіршілік ету керектігін , әрбір мұсылманның үйі- жәннаттың бір бұрышы болып саналатынын айтып, «балаларымыз үшін олардың амандығы үшін нендей әрекет етіп – намазда тілек айтып, садақа беріп жүрміз бе ?»деген ой тастады.
Отбасында ерінің жаман жолға түсінуіне ең алдымен әйел адамның өзі кінәлі екенін , «Ер адам, иә сол үйдің ұл- қыздары үйге кіріп келгенде,жәннатқа еніп келе жатқандай, жаны жай табатын амалдар жасайтын болса, жылы қарсы алса, неге бұл үйдің ері бөгде әйелден, ұл-қызы сырттан жәннат іздеу керек?» деп, көп нәрсенің әйел адамға байланысты екенің тілге тиек етті.Сондай-ақ, Юсуф сүресін оқыса, сәбиі сұлу көрікті болатынын, ал құрсақ көтере алмай жүрген әйелдер Мариям сүресін оқыса, бойына шарана беретінін айтты.
Шамшат Әділбаева залдан түскен түрлі сұрақтарға тұщымды жауап беріп, ақ жаулықты аналарымыздың ризашылығына бөленді. Бұдан соң аудандық әйелдеркеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова бүгінгі жиынның ерекшілігін, мұндай жиынның бұрын-соңды болмағанын, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдер қауымына бүгінгі күні рухани азықтың керек екенін айта келіп, «Болған оқиға ізімен» айдарымен «О дүниенің ашық қалған қақпасы» атты Егемен Қазақстан» республикалық газетіне шыққан мақаланы әңгімелеп берді. Мұнда «Бар пәле тілден» демекші, бар жамандық әйелдің тілінен екенін айтылды.
Әжелер жағы: «Келін –кепшіктерге, бойжеткендерімізге, әсіресе, қызын ұзатқан,ұлын үйлендірген аналарға сабақ боларлық, осындай мәнді де маңызды жиын ай сайын мешіттерде ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді»деген тілектерін айтып тарқасты .
Айнаш ҚАСЕНОВА.
Кербүлақ ауданы мешіті