{gallery}1102{/gallery}Талдықорған орталық "Иман" мешітінде нәзік жанды мұсылмандарға арналған семинар-тренинг болып өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлының тікелей ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл семинарға «Нұр-Мүбарак» университеті Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, дінтанушы Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы және исламтанушы-магистр Айдарова Мақсат Тұрлыбайқызы қатысты. Ғалымдар әйелдер жамағатына отбасы құндылығы, тақуалық, бала тәрбиесі және де басқа өзекті мәселелерге тоқталып, кең ауқымды түрде уағыз жүргізді. Кездесу соңында қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.