{gallery}0902{/gallery}Талдықорған қаласындағы №19 орта мектепте жоғарғы сынып оқушыларымен "Мен өмірді сүйем" атты кездесу өтті. Кездесуге қатысқан "Иман" мешітінің найб имамы Ардақ Нүсіпханұлы оқушыларға интернеттегі әлеуметтік желілердің зиянды насихаттары және зардаптары, сондай-ақ, өмірдің құндылықтары туралы ауқымды лекция жүргізді.