×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/15012017
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/15012017
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Мәуліт – мейірімділік мерекесі

16 Jan 2017 0 comment Оқылды: 1066 рет

 

{gallery}15012017{/gallery}Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күніне байланысты тойланатын мейрам Мәуліт мерекесі депаталады. Текелілік жамағат жылдағы дәстүр бойынша қалалық Мәдениет үйінде екі дүниенің сардары, еңсоңғы Алла Елшісі (с.ғ.с.) құрметіне Мәуліт мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Кеш шымылдығын Керімбек би мешітінің бас имамы Нұржол Ғазизұлы Алланың сөзі – Құранмен ашты. Күллі мұсылман қауымын ізгілікке бастаған Пайғамбарымыздың өмір жолы таныстырылған бейнебаянның көрермендер үшін пайдасы ерекше болды.

Жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев қасиетті Мәуліттің маңызын, ата дініміздің құндылықтарынан нәр алған халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тоқталды, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, әлем мұсылмандары халықтарының мерекесіне арналған айтулы шараның мән-маңызына терең көз жіберді. Қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне қосылған еселі еңбек бағаланып, Шалқар Марқабаұлы мен Лаззат Саттарқызы қала әкімінің Алғысхатына ие болды.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиевтің тағылымды уағызы, дәйекті сөздері кеш қонақтарының сәл де болса білімін арттырып, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктерін оятуға септігін тигізгені хақ. Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып, қайырымдылық шараларына қолдау білдіріп, белсенділік танытқаны үшін Сәкен Сандыбаев пен Тілеуғазы Жанасылұлын Алғыс хатпен марапаттады.

Сахна төріне көтерілген ҚР еңбек сіңірген әртісі Мырзахмет Мүкаманов «Жетісу» әнін нақышына келтіре әуелетсе, «Абзал ана отауы» әжелер ансамблі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, жұрт қошеметіне бөленді. Қала өнерпаздарының орындаған діни әндері мен тағылымды жырлары жұртшылықты бірде ойға батырып, бірде рухтандыра түсті. Кеш көрігін Көксу аудандық «Самға» жастар театрының қойылымдары да қыздыра түсті. Көрерменді ойға салып, шүкіршілік етудің, отбасының, денсаулықтың қадірін жете түсіндірген және ардақты Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген махаббатын арқау еткен қойылымдар көзге еріксіз жас үйірді. Рухани кештен ерекше тебіреніп, толқып шыққанымыз сонша екі сағаттың қалай тез өтіп кеткені де байқалмапты. Кеш соңында Бәйтерек мейрамханасында қадірлі қонақтарға арналған ас берілді.

Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз