{gallery}14012017{/gallery}Алланың соңғы елшісі Мұхаммед с.ғ.с.-ның туылған айы кірісімен жер жерде мәуліт мерекесі аталып өтуде. Алматы облысы Талдықорған өңірі Алакөл ауданы бойынша да әр ауылда мәуліт оқылып, салауаттар айтылуда. Бүгін аудан орталығындағы З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде "ҰЛЫ ТҰЛҒА" атты рухани мәуліт кеші өтті.
Биылғы мәуліт кеші жылдағыдан әсерлі де ерекше болды. Алакөл ауданының бас имамы Әнет Омарханұлының арнайы шақыртуымен Мәуліт мерекесін Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы басқарып, өкіл имамның бірінші орынбасары Ардақ Нүсіпханұлының ұйымдастыруымен бір топ имамдар мен «Самға» театрының өнерпаздары, белгілі әнші, композитор Данияр Құрамысов, Алғысбек Дәуенұлы келді. Алланың каләмі болған Құран оқумен басталған рухани кеште мағыналы қойылымдар қойылып, діни әндер мен термелер айтылды. Пайғамбарға деген сағынышпен келген көпшілік залға толып, ине шаншар жер қалмады.
Тағылымы мол рухани кештен әсер алған көпшілік көз жастарына ерік берді. Мерекеден кейін Белгібай ата хатымханасында 300 адамға арналған дастархан жайылып, мәулітке келген халыққа ас берілді.
Өкіл имам Серікхан Рымханұлы аудандық мешітте уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Жұма намаздан соң Бұлақты ауылы «Әз ана Нұрғұлқасыл» мешітінде де мәуліт мерекесі өтіп, Серікхан Рымханұлы Пайғамбарлар мөрі болған Мұхаммед с.ғ.с-ның өмірбаянынан уағыз-насихат айтты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
БЛАГОСЛОВЕННЫЙ ПРАЗДНИК В СЕМИРЕЧЬЕ
С приходом месяца рождения Пророка в разных уголках мира верующими празднуется праздник Мавлид. В селениях Алакольского района Алматинской мечети с особым размахом проводятся мавлиды, читают благословения Пророку Мухаммаду (мир ему).
Сегодня в районном доме культуры имени З. Койшыбаевой прошел вечер мавлида под лозунгом «Великая личность». Вечер, посвященный Пророку Мухаммаду, возглавил приглашенный полномочный имам ДУМК по Талдыкорганскому региону Ахмадиев С. Творческая группа из состава имамов и актеров театра «Самга» под руководством первого заместителя полномочного имама региона выступила с программой, где были показаны разные поучительные постановки из жизни сахабов и простых верующих мусульман.
Собравшиеся зрители с чувстовм тоски и любви к последнему Посланнику Господа миров со слезами на глазах дали высокую оценку прошедшему вечеру.
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону