×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/22112016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/22112016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорғандағы 3 күндік семинар

01 Dec 2016 0 comment Оқылды: 836 рет

 

{gallery}22112016{/gallery}Талдықорған қаласында Алматы облыстық дін істер басқармасының тапсырысы бойынша Талдықорған өңірінің қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерінің имамдары қатысқан білім жетілдіру семинары болып өтті. Үш күнге созылған семинарда имам-молдалар діни басқармадан арнайы келген ғалымдардан дәріс алды. Атап айтсақ, бірінші күні имамдарға ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуәліұлы имамның тақуалығы, кішіпейілдігі, мінез-құлқы және уағыз айту өнері туралы дәріс оқыса, «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы Қайрат Құрманбаев «Ильмур-руая уад-дирая» атты хадис іліміне қатысты кең ауқымды дәрісін жүргізді.

Семинарда қазіргі заман көшінен тыс қалмау мәселелері де айтылды. «Иман» мешітінің бас имамы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы интернет және әлеуметтік желілерді Ислам насихатына пайдалы түрде қолдану туралы дәрісін жүргізді.

Семинардың екінші күні ҚМДБ-ның Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуалі «Имамның келбеті» атты дәрісінде имамның тақуалығы, кішіпейілдігі, мінез-құлқы және уағыз айту өнері туралы айтып берді. Серікхан Рымханұлы «Имамның қоғамдағы рөлі» атты дәрісінде қазіргі қоғамдағы имамның деңгейі мен абыройы, көпшіліктің тәрбиесіндегі имамның ықпалы туралы айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша имамдар ғалымдардың дәрістерінен білімдерін сусындап, рухтарын нәрлендірді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы семинар қорытындысы бойынша имамдарға сертификаттар табыстады.

Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі

Талдыкорган: семинар просвещения для имамов

Одним из главных направлениий деятельности Духовного управления мусулман Казахстана является повышение знаний и квалификаций религиозных служащих. В связи с этим, в Талдыкоргане прошел семинар для имамов районов и городов Талдыкорганского региона, организованным управлением по делам религий Алматинской области.

В семинаре принял участие и провели лекции специалист отдела фетв ДУМК Бауыржан Абдуалиев, старший преподаватель кафедры исламоведения университета «Нур-Мубарак» Кайрат Курманбаев, полномочный имам ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев. В семинаре обсуждали ряд повседневных вопросов таких как, системная работа ДУМК, нрав и облик современного религиозного служащего, противедействие различным деструктивным течениям и введение в науку хадисоведения.

В конце семинара имамам вручили сертификаты за обучение, а также имамы задали ряд вопросов и остались довольны полученными ответами.

Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз