×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/13112016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/13112016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Көксу бекетінде жаңа мешіт ашылды

14 Nov 2016 0 comment Оқылды: 1289 рет

Талдықорған өңірі. Көксу ауданына қарасты Көксу бекетінде жаңа мешіт бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Еңселі мешітті салуға күш салған осы ауылдан шыққан азаматтар.Имандылық үйінің ашылу салтанатына өңірдің өкіл имамы,қоғам қайраткерлері, аудан әкімі мен аудан және ауыл тұрғындарыменосы ауылдан шыққан азаматтар қатысты. Мешіттің ашылу салтанатында  Қасиетті Құран оқылған соң сөз алған өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы: «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысын білдіріп, мешіт салып, ізгі істерге атсалысу сауапты іс екенін, мешіт халықты имандылыққа ұйытып, ізгілік жолында ашылғанын айтып», мешіт ісіне береке тіледі.  Бұдан соң мешітті салған азаматтар сөз алып бірінші Алланың, содан соң ауылдастарының алдындағы парызын өтеу үшін өз қаражаттарын дін жолына жұмсағандарын айтты. Осы қуанышты сәтке қатысқан қоғам қайраткерлерімен ел ағалары ауыл халықына жүрек жарды ізгі тілектерін айтып, имандылық үйінің ашылуымен құттықтады.

Жаңа мешіттің алдына керілген лента қиылған соң, халық осы мешітте ең алғашқы жамағатпен бесін намазындарын оқыды.

{gallery}13112016{/gallery}

                                                                                                          

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз