Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлының ұйымдастыруымен Еліміздің егемендігіне 25 жыл толуына орай 25 қайрымдылық шарасын өткізуді жоспарлаған болатын. Сол шаралардың бірі аудандық мешітте аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 29 оқушыға қыстық аяқ киім берілді.
Жәнеде кәсіпкер ағаларымыздың демеушілігімен бір жылқы сойылып тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға тарқатылды.
Жаратушы Алла еліміздің егемендігін баянды еткей!
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.
{gallery}14112016{/gallery}