{gallery}0309{/gallery}Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылының молдасы Нүсіпхан Байтолланың ұйымдастырумен Қапал ауылында «Мектепке жол» акиясы негізінде көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан 50 балаға мектеп сумкасы және оқу құрал-жарақары (10 дәптерден, күнделік, сызғыш, қалам саптар) берілді. Шараға Ақсу ауданының бас имамы А.Тасболат ұлы, мектеп мұғалімдері, ата-аналар және оқушы балалар қатысты. Аудан имамы А.Тасболат ұлы білім алудың артықшылықтары, имандылық, адамгершілік және мейрімділік жайлы уағыз-насихат айтты. Шара соңында балаларға балмұздақ тарқатылды.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.