×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/2908
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/2908
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорғандағы тағылымды семинар

30 Aug 2016 0 comment Оқылды: 972 рет

 

{gallery}2908{/gallery}Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейін жоғарылату жолында аямай еңбек етіп келеді. Соның бірі, Талдықорған өңірлік «Иман» мешітінде Талдықорған өңірінің қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерінің имамдары қатысқан білім жетілдіру семинарын мысалға алып келсе болады. Аталмыш семинарда имам-молдалар діни басқармадан арнайы келген жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлынан дәріс алды. Сондай-ақ, семинарда діни басқарманың жүйелі жұмысы және де қазіргі заман көшінен тыс қалмау мәселелері де айтылды. Сонымен қатар, семинар-дәрісте имамның тақуалығы, кішіпейілдігі, мінез-құлқы және уағыз айту өнері туралы да айтылды.

Дәріс соңында имамдар Алтынбек Ұтысханұлы және Серікхан Рымханұлына көкейінде жүрген, имамдық қызмет барысындағы түрлі мәселелер туралы сұрақтарын қойып, қаныққанды жауаптар алды.

Сондай-ақ, дін Исламға зор үлесін қосып, жамағат тәрбиесіне жіте көңіл аударған мешіт қызметкерлері ҚМБД-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Семинар қорытындысы бойынша имамдар ғалымдардың дәрістерінен білімдерін сусындап, рухтарын нәрлендірді.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

Талдыкорган: семинар просвещения для имамов

Одним из главных направлениий деятельности Духовного управления мусулман Казахстана является повышение знаний и квалификаций религиозных служащих. В связи с этим, в центральной мечети Талдыкоргана прошел семинар для имамов районов и городов Талдыкорганского региона.

В семинаре принял участие и провел лекции руководитель отдела по общим делам и делам молодежи ДУМК Алтынбек Утысханулы. В семинаре обсуждали ряд повседневных вопросов таких как, системная работа ДУМК, внедрение современных технологий и новшеств в деятельность мечетей, нрав и облик современного религиозного служащего.

В конце семинара имамы задали ряд вопросов Алтынбеку Утысханулы и полномочному имаму ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиеву и остались довольны полученными ответами.

Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз