{gallery}30062016{/gallery}Талдықорған өңірі Панфилов ауданы Жаркент қаласында Алматы облыстық дін істер басқармасының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылықты арттыру – заманның басты талабы» атты облыстық семинар болып өтті. Семинарға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев, Алматы облыстық дін істер басқармасының басшысы Р. Есдаулетов және Панфилов ауданының имам-молдалары қастысты.
Семинарға сөз алған өкіл имам С. Ахмадиев білім алу әр бір мұсылманның міндет-парызы, имамның діни біліммен қатар заманауи ғылымдарды меңгеру заманның талабы екеніне тоқталып кетті.
Алматы облыстық дін істер басқармасының басшысы Р. Есдаулетов өз сөзінде діни тұлғалардың терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі маңызды рөліне тоқтала кетті.
Семинардан соң өкіл имам Жаркент мешітінің құрылысымен танысты. Мешіт атынан мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, аудан имамдарымен жиын өткізді. Имамдарға нақты тапсырмалар берілді. Одан кейін өкіл имам жұма намазына қатысып, жиналған жамағатқа Исламның ауызбіршілігі және түрлі діни ағымдардың зардабы туралы әсерлі уағызын айтты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
Областной семинар в Жаркенте
В городе Жаркент Панфиловского района Талдыкорганского региона прошел областной семинар под лозунгом «Приумножение религиозной грамотности – главное требование сегодняшнего дня». В семинаре приняли участие полномочный имам ДУМ Казахстана по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев, руководитель областного управления по делам религий Р. Есдаулетов и имамы Панфиловского района.
В своей речи полномочный имам С. Ахмадиев коснулся темы обязанности получения знаний каждым мусульманином, в обязанность религиозного служителя входит получение не только религиозных знаний, но и получение светских знаний.
Руководитель областного управления по делам религий Р. Есдаулетов рассказал о важной роли религиозного деятеля в борьбе против проявления терроризма и экстремизма.
Пресс-центр ДУМ Казахстана по Талдыкорганскому региону