×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/28
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/28
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Ислам және Зайырлы қоғам

29 Apr 2016 0 comment Оқылды: 1052 рет

 

 {gallery}28{/gallery} Сәуір айының 27 жұлдызы Алматы облысы, Талдықорған өңірі, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының қалалық әкімшілігінде тақырыпқа сай діни семинар болып өтті. Аталған семинарға Алматы облысы діни істер басқармасының өкілі Тимур Нүсіпханұлы, аудан имамы Әбудардан Таласбай, Үштөбе қаласының әкімі Қанабек Есботанов сонымен қатар ауыл имамдары мен қала тұрғындары келіп қатысты. Жиынның мақсаты болып, қазіргі таңдағы қоғамдағы ислам дінінің маңыздылығы, оның рөлі, тигезірер әсері жайлы болды. Тақырыпқа орай, ең алдымен Алматы облысы діни істер басқармасының өкілі Тимур Нүсіпханұлы сөз алып, жиылған қауымға кеңірек мағлұмат берді. Ол өз сөзінде, негізінен теріс бағыттағы ағымдар жайлы ақпарат беріп, оның халқымызға тигізер үлкен кесел екендігін жеткізді. Кейіннен қала әкімі Қ. Есботановта қазіргі таңда ислам дінінің маңыздылығы өте зор екендігін жеткізді. Атап айтқанда, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен оның тұлға боп қалыптасуында діннің ерекше орын алатындығын айтты. Сонымен қатар, жастардың дәсүрлі ата-бабамыз ұстанып келген дінге бет бұруы еліміздің кемел келешегінің жарқын болатындығына сенетіндігін білдірді. Жиынды қорытындалаған аудан имамы Ә. Таласбай семинарға келген қонақтарға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.

Рүстем Қалиахмет

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз