×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/2404
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/2404
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Ислам және зайырлы қоғам

26 Apr 2016 0 comment Оқылды: 1317 рет

 

{gallery}2404{/gallery}Жуырда ауданымыздағы Мешітте «Ислам және зайырлы қоғам» атты семинар өтті. Оған ауданымыздағы қыз – келіншектер, әжелеріміз қатысты.

Семинарға аудандық мешіттің бас имамы Анарбай Тасболатұлы келген қауымға жылы лебізін білдіріп, біраз әйел – аналар туралы уағыз насихатын айтып, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің ұстазы Нұргүл Ыдырысоваға семинарды жүргізуіне рұқсат берді.

Семинардың негізгі мақсаттары мен міндеттері – уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Семинарда ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын да алды. Осындай семинар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Әйел – Ана отбасының ұйытқысы, тірегі, береке – бірліктің бастауы. Семинарға келген қыз – келіншектер мен әжелеремізді аудан имамы Анарбай Манбетов көкке шығарып, қазақ үй тігіп, мерекелік дастархан жайды.

 Елбасамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз тегіміз Түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек» деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған. Ислам барша адамзаттың наным – сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Алла Тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Алайда, қазіргі кезде ислам дініне қатысты қоғамда әртүрлі уағыздар айтып, өңін өзгертіп, зиянды әсерін тигізіп жүрген жат пиғылды топтар көбеюде. Осындай ағымға алданбауға шақырамыз.

Ләззат ҚАЛМҰХАМБЕТҚЫЗЫ,

Ақсу аудандық «Ақсу өңірі» газетінің жауапты хатшысы, тілшісі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз