{gallery}22042016{/gallery}Сәрсенбінің сәтті күні Қаратал аудандық орталық мешітте «Имамдар – пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мирасқорлары» атты семинар болып өтті.
Аталған семинарға Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы ашып, жүргізді. Семинарға аудан, қала және ауылдық имамдар қатысты. Жиын барысында, өкіл имам ауданда атқарылып жатқан іс-шаралармен, ҚМДБ-ның міндеттеген тапсырмаларын жүзеге асу барысымен танысты. Сонымен қатар, өз ісін тиянақты атқарған имамдарға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан сый-сыяпат жасады. Кейіннен аудандық кітапханаға бет алған имамдар оқушылармен кездесті. Кездесу барысында Серікхан Рымханұлы, оқушыларға қазіргі қоғамдағы ислам дінінің маңыздылығы жайлы, жастардың басқа жат ағымдардың жолына түсіп кетпеу жолдарын айтып, тағылымды дәрісін жасады. Ал, оқушылар тарапы көкейде жүрген сұрақтарын жолдады. Мектеп шәкірттерінің сұрақтарына риза болған өкіл имам, әр сұраққа толымды әрі байыпты жауап берді. Түс ауа, аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығына барып, ондағы науқас балалардың хал-ахуалымен танысып қайтты. Бұған қоса, науқас жандардың ата-аналарына қайырымдылық шарасын жасады. Ал, осында тәрбиеленетін балалар өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі
Наследники пророка
В минувшую среду в центральном мечети Каратальского района прошел семинар «Имамы – наследники пророка»
Семинар открыл полномочный имам Талдыкорганского региона Серик Рымханович. На семинаре приняли участие районные, городские и сельские имамы. В ходе семинара С. Ахмадиев ознакомился с проделанными в районе работами, поставленной ДУМК. После того, от имени главного муфтии Ержан кажы Малгажыулы были награждены ряд имамов.
Затем имамы направились в районную библиотеку для встречи со школьниками. В ходе встречи Серикхан Рымханулы рассказал школьникам о важности исламской религии в современном обществе. Потом ученики задали свои вопросы. С. Ахмадиев был рад вопросам заданным школьниками, и на каждый вопрос дал исчерпывающий ответ. После обеда, делегация имамов отправилась в реабилитационный центр чтобы узнать побольше о жизни детей с ограниченными возможностями, и родителям этих детей оказали благотворительную помощь. Воспитанники реабилитационного центра свою очередь выступили концертной программой перед имамами.
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону