×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/1404
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/1404
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Аягөз қаласындағы РАНТ мүшесімен өткен кездесулер.

14 Apr 2016 0 comment Оқылды: 1074 рет

 

{gallery}1404{/gallery}Аягөз қаласына келген РАНТ мүшесі Серікхан қажы Рымханұлы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жиынға ішкі саясат бөлімінің маманы Медет Мырзыкешов, аудан имамы Думан Нәдірұлы қатысты. Дініміздегі тәрбиенің орыны, қоғамдағы келеңсіздіктер, бақыттың бастауы Жаратқанды тану жайлы насихат айтты. 

Мәдениет үйіндегі жиыннан соң, қаладағы политехникалық колледжде студент жастармен жиын өткізілді. «Жат ағымның алдын алу», «Асыл дініміздегі тәрбие» жайлы уағыз-насихат айтты. 

Кездесу қаладағы 16443 әскери бөлімінде жалғасын тапты. Әскерилерге «Дін және зайырлы қоғам» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жат ағымдардың дәстүрлі діннен айырмашылығы туралы жалпы мағлұмат беріп, жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз