{gallery}25032016{/gallery}Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тойланып жатқан Наурыз мерекесінің құрметіне Талдықорған қаласының мешіттері өз үлестерін қосты. Шара Талдықорған қаласындағы Жастар алаңында көпшілікке арналған қазақи киіз үйлер тігілумен басталды.
«Дін және тарих тағылымы» ұранын пайдаланған имамдар атынан тігілген кең қанатты киіз үйде кеңінен жайылған ақ дастарханнан кез-келген қонақ дәм ауыз тиді. Дүйім халыққа арналып дайындалған 350 литр наурыз көжеден дәм татыған көпшілік, «ақ мол болсын» деген тілектермен болды. Көпшілік «Бесік жыры», «Қымыз пісіру», «Жүн түту», «Ұршық иіру», «Саятшылық» және «Әженің ертегілері» атты көріністерді тамашалаумен болды.
Ал, арнайы келген облыс басшысы А. Батталов «Нәрестеге есім қою» атты ұлттық рәсімге қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. ҚМБД-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев мешіт атынан тігілген киіз үйінде облыс әкімі А. Батталовқа «Дін және тарих тағылымы» тақырыбы аясындағы қазақтың ұлттық қол өнері көрмесімен таныстырып өтті.
Қазақтың ұлттық киіміне киінген имамдар әр бір қонақты құрметпен қарсы алып, қазақтың батырлығы, серілігі іспетті қасиеттерін насихаттап, көпшілікке барынша силықтар таратты. Қалың жамағатқа ұйымдастырылған байқау жарысында діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге бағалы әрі есте қалар силықтар берілді.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
Наурыз – сохраняя Ислам и традиции
В предверии 25 летия независимости Казахстана в празднование Наурыза внесли свою лепту и имамы мечетей города Талдыкорган. Данное мероприятие состоялось на площади Жастар развертыванием юрт предназначенных для празднования Наурыз и принятия гостей.
Воспользовавшись лозунгом «Религия и традиции» имамы приготовили для гостей шикарный дастархан, где каждый гость мог отведать приготовленные блюда. 350 литров специально приготовленного для весенного праздника традиционный наурыз коже были розданы всем желающим из гостей. Также были показаны представления по казахским традициям как «Колыбельная», «Приготовление кумыса», «Расчесывание шерсти», «Пряжка», «Соколиная охота», «Бабушкины сказки».
В традиционном мероприятии «Наречении ребенка именем» приняв участие аким области А. Батталов, пожелал ребенку блага и здоровья. После этого полномочный имам ДУМК по Талдыкорганскому региону ознакомил акима области с выставкой традиционного ремесла и вышивания.
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону