×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/19032015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/19032015
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Шарапаты мол шара

18 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1388 рет

 

{gallery}19032015{/gallery} Талдықорған қаласы, «Самрұқ Қазына» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға 110 орындық дастархан жайылды. Айта кетерлік бір жайт, мүгедек жандарға тек дастархан жайылып  қана қоймай, шараға жоспарлы түрде сценарий жасалынып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 Сауапты іске тікелей мұрындық болып жүрген Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы өз сөзінде,қайырлы іс жасау және мұқтаж жандарға қол ұшын созу адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі болып табылады. Сіздердің қуанғандарыңыз бізді қуантып қана қоймай, жүрекке жылу сыйладыңыздар деп ақ батасын берді.  

Шара барысы концерттік бағдарламаға ұласып, Сүйімбай атындағы филармонияның күміс көмей, жез таңдай  әншілері тартымды  әндерімен  кешті қыздыра түсті. Кеш соңында келген қонақтар жүрекжарды тілектерін білдірсе, өкіл имам  мешіт атынан сыйлықтар  таратты.

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз