{gallery}18032016{/gallery}Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы мен Алматы облысы дін істер басқармасының басшысы Т.Қасымберкебаев"Нұр-Мүбарак" университеті басшылығымен кездесіп, облыс әкімдігі тарапынангрант бөлу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, университеттің жиын залында студенттермен жүздесіп, елге келіп еңбек етудің маңыздылығын, тек ел үшін ғана емес, тұлға ретінде қалыптасып, өмірлік тәжірибе жинауда таптырмас мүмкіндік екеніне тоқталды. Жиын соңында студенттерге біржолғы жәрдемақыны таратты.
Сонымен қоса Алматы қаласында орналасқан «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттерімен де кездесіп өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.