{gallery}04032016{/gallery}Қасиетті жұма күні Талдықорған орталық «Иман» мешітінде жиналған жамағатқа арнайы дәрісті панкратион (ережесіз жекпе-жек) түрінен 4 дүркін әлем чемпионы, абсолюттық Азия чемпионы Ардақ Назаров жүргізді.
Бұл жолы Ардақ бауырымыз төбелестің түрін емес, бәлкі Исламның тарихта қалдырған бағасыз құндылықтары туралы айтып берді. Сөз барысында береке ынтымақты елде болатындығына, халықтың күші білекте емес, Аллаға деген таза сенімде, бірлікте, адамгершілікте, намыста, тәрбиеде, иман тазалығында екенін әсерлі сөзбен жеткізіп берді.
Жиналған жамағат, көкейкесті сұрақтарымен қоса, осындай игі азаматтардың жамағат алдына жиі келіп, жалынды сөзімен көпшілікті рухтандырып тұрса екен деген тілектерін айтты.
Сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев А. Назаровқа иман байлығын, мықты сенім, Алланың шапағатын тілеп, бата берді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
В единстве сила
В праздничный пятничный день в центральной мечети «Иман» перед прихожанами мечети выступил с лекцией четырехкратный чемпион мира по панкратиону (бои без правил), абсолютный чемпион Азии Ардак Назаров.
Он пришел выступать не как боец, а как правоверный мусульманин, пришел учить не боям, а славным и бесценным учениям Ислама. В своей речи А. Назаров коснулся темы единства, согласия; что достаток и изобилие приходят туда где царит согласие и мир; что настоящая сила батыра не мощи тела, а в истинном вере в Творца, в гуманности, чести, воспитании и чистоте.
На встрече прихожане мечети, задавая интересующие их вопросы, попросили главного имама, чтобы и другие известные казахские личности выступали в мечети.
Полномочный представитель ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев пожелал А. Назарову крепкого имана, стойкости, успехов.
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону