{gallery}02032016{/gallery}Облыс орталығынан шет жатқан елді мекендердегі имандылықты арқау еткен шаралардың көбеюі қазіргідей тәрбие белбеуі босаңсыған кезеңде көз қуантып, көңілге қуаныш ұялатады.
Әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының соңғы кездері еліміздің шалғай орналасқан өңірлеріндегі имамдардың мәселелеріне айрықша мән беріп, беделдерін көтеруге бағытталған шаралары құптарлық іс.
Апта басында осындай облыс орталығынан шеткері жатқан Сарқан ауданы Шатырбай ауылында «Имам-рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз» тақырыбымен семинар болып өтті. Кеңес барысында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасы, ауылдағы рухани өкілдің бет-бейнесі, ауыл имамдарының жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғап, осы бағыттағы ширатылар шаруаның маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында өнегелі істерімен өзгелерге үлгі болып келген Сарқан ауданы Шатырбай ауылының молдасы Өнерханов Бағланға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының атынан қаржылай сый табыс етті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының бастамасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылған діни шара өзге өңірлерге үлгі болса құба құп.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
«Имам – духовная личность, воспитатель учитель общества»
Нас радует что с каждым годом в отдаленных от областного центра селениях возрастают мероприятия по агитации нашей религии Ислама.
Особенно Духовное управление мусульман Казахстана выделяет особое внимание на цели и задачи поднятия авторитета имамов мечетей, расположенных в отдаленных аулах.
В начале недели в селе Шатырбай Саркандского района прошел семинар под лозунгом «Имам – духовная личность, воспитатель учитель общества»
В ходе семинара под руководством полномочного имама ДУМК по Талдыкорганскому региону Серикхана хаджи Ахмадиева были рассмотрены важнейшие задачи поставленные в документах от ДУМК: «Платформа мусульман Казахстана», «Личностный облик мусульманина», «Личностный образ имама»; а также значимые вопросы о внешнем облике и ответственности духовного лидера каждого аула.
В конце семирана от имени председателя ДУМК, Верховного муфтия Ержана хаджи Маямерова был оказан почет в форме денежного вознограждения имаму села Шатырбай Саркандского района за его образцовые заслуги перед коллегами.
Надеемся, что такие мероприятия под началом полномочного имама С. Ахмадиева будут примером и эталоном для других регионов Казахстана.
ПРЕСС-ЦЕНТР ДУМК ПО ТАЛДЫКОРГАНСКОМУ РЕГИОНУ