×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/08022016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/08022016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қайырымдылық жасау, жүректерге жылу сыйлайды

08 Feb 2016 0 comment Оқылды: 3613 рет

 

{gallery}08022016{/gallery}Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Алла тағала Адамзат баласына он екі мүшесін сау қылып берсе, енді біреулерін жарым-жанды қылып сынайды. Ақыл есі бүтін жұмыр басты пенде жалған дүниеде Алланың бергені нығметіне шүкір ете отырып, ізгілікке, жетімнің басын сипауға, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға ұмтылуы тиіс.

Осы мақсатта, ҚМДБ-ның барлық облыс өкіл имамдарына арнайы берілген тапсырмаларының бірі, мүгедек жандарға зиярат етіп, оларға қолымыздан келгенше қайырымдылық жасау болып табылады.

Игі бастаманы іске асыруда Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы мүгедектерге арналған облыстық  «Асар» фитнес залындағы мүгедек жандарға зиярат етіп, азық-түлік таратты.

Сонымен қатар, игі шара жалғасын тауып, Қасиетті Жұма күні  орталық «Иман» мешітінде де , бірқатар зағип жандар мен  мүгедек қарттарға қайырымдылық шарасын жасалды.

Талдықорған өңірі бойынша

 баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз