×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/04022016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/04022016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Ерікті жастар тобының қызметі қандай?

05 Feb 2016 0 comment Оқылды: 1829 рет

 

{gallery}04022016{/gallery}Талдықорған өңірі бойынша жастар ісі бөлімі, Алматы облысы жастар басқармасымен бірге мешіттің жанынан «Ерікті жастар» тобын құрды.

Бір дегенде қала бойынша 70 жас ерікті түрде топқа тіркелді. Жастардың бас қосудағы мақсаты, әркім шамасына қарай дінге, елге, жерге пайдасын тигізу. Еліміздің өркендеп, өсуіне үлес қосу.

Бір тобы жалғыз басты қарттардың қарын күреп, отынын шауып бір жағына шығысу сынды қайырымдылық шараларға ат салысса,  енді бірі, қоғамдық жарыстарға «Мешіт жастары» атынан қатысып діннің абройына қызмет жасайды.

Топ, ақын, әнші, актер, спортшы, программист сынды жан-жақты жастардан құралған.

«Мешіт жастары» алғашқы жүлделі орынғада ие болып үлгерді. Кеше Талдықорған қаласында ерікті жастар арасында «Бампербол» аяқ добынан жарыс өтіп мешіт атынан қатысқан екі топтың бірі, І-орын, екіншісі ІІ-орынға ие болды.

ҚМДБ Талдықорған өңірі

бойынша баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз