×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/30012016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/30012016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сағындық сені, иә, РасулАлла!

31 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1267 рет

 

{gallery}30012016{/gallery}Жүректерге қуаныш, жүздерге иман ұялатқан мәулітті мерекелеу соңғы жылдары кең көлемде аталып өтіп, жақсы дәстүрге айналып келеді. Сарқан аудандық мәдениет үйінде аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Сағындық сені, Расул Алла» атты шараға жиналған көпшіліктің қарасы көп болды. Мұсылман қауымның басын қосып, адамзаттың ардақтысы, Алланың соңғы елшісі Мұхаммед пайғамдардың тағылымға толы өмірін үлгі етіп, өшпес өсиеттерімен жамағат жүрегін нұрландыруды басты мұрат еткен аталмыш жиынның шымылдығын ауданның бас имамы Серікбек қажы Асқарұлы қасиетті құран оқумен ашса, Қазақстан діни басқармасының Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлының ғибратқа толы сөздері көпшілікті ұйытты. Өз лебізін аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков та білдіріп аудандағы рухани келісім мен береке бірлікті дінаралық татулықпен ұштастырудағы үлгілі еңбектері үшін ауданның бас имамы Серікбек Асқарұлына, Көкөзек ауылдық мешітінің молдасы Мәжит Шәріпханұлына және Ақтұма ауылдық мешітінің молдасы Берікхан Малғаждарұлына Алғыс жариялады. Бұдан соң ортаға Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің наиб имамы Керімбек Сәрсенбайұлы, Текелі қаласының бас имамы Нұржол Ғазизұлы, Ескелді ауданының наиб имамы Манарбек Мұратұлы Мәуліт оқып көпшілік көңілін тербетті. Мәдениет үйінің өнерпаздары діни әуендер шырқап бір сәт жамағат жүректерін имандылыққа ұйытты. Кешті ауданның бас имамы Серікбек қажы  Асқарұлы қорытындылап шараға атсалысушыларға ризашылығын білдірді. Мың күндік азықпен көкіректерін кемелдендірген көпшілік «Әмина» мейрамханасында үш жүз адамға арнап жайылған ақ дастарханда бас қосып, өз ықылас-лебіздерін білдіріп тарқасты.

П.Жеңісхан,

Сарқан ауданы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз