{gallery}22{/gallery}Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің (ﷺ) туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Бүгін күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Талдықорған өңірі Еркін мешітінің бас имамы Медетбеков Аман және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен салтанатты шараны ерекше атап өтті. Талдықорған қаласы «Айя» тойханасына жиналған жұрт Алла елшісінің атына салауат айтты.
Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған, дүниеге келген» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт тек Пайғамбарымыз Мұхамедке (ﷺ) тән ұғым. Бұл мерекеде күллі жамағат Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмір жолына кеңінен тоқталып, ғибрат істеріне мадақ айтады.
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымхаұлы Пайғамбарымыз Мұхамедке (ﷺ) өмір тарихынан, біз өзіміздің бірлігімізді Отан - біреу, дін - біреу, Пайғамбарымыз (ﷺ) - біреу, Құранымыз - біреу, сондықтан бірігу, ынтымақ туралы насихат айтты. Мәуліт мерекесін ұлықтауға келген қарттар мен жастардың қарасы қалың. Келген жамағатқа тек уағыз – насихат айтылып қоймай сұрақ қойылып бағалы сыйлықтар берілді. Əрбір жылғы мəуліт мейрамында мына дүниені түнектен арылтушы адамзаттың мақтан тұтар тұлғасы Мұхаммед (ﷺ) – ға салауат айтып, оның өнегелі өмірін ардақтап, оның сүннетінен қуат алып жаңаша түлеу Исламның шоқтығын биіктете түсетіні анық. Лайым, Мұхаммед (ﷺ) – ның үмбеті саналар қазақ жұртшылығы да осы мəуліт мейрамындағы рухани нəрден сусындап, келешегін кемелді етсін һəм қасиетті мəулітте Хақ – тағаланың құт – берекесі арта берсін деп тілейміз!
Талдықорған өңірі Еркін мешітің
бас имамы Медетбеков Аман
17.01.2016ж