{gallery}19012016{/gallery}Талдықорған өңірінің өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен І. Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Үммет үміті» атты кеште ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыпалдыұлының құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегінен кейін, Ескелді ауданында болып, ол жердегі өткен Мәуліт мерекесінде де жылы лебізін білдіріп, Мәуліт батасын берді.
Аталмыш мерекелерден кейін, Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледждің студенттерімен кездесіп, шәкірттерге «Иманды жастардың келбеті» тақырыбында әсерлі уағыз айтып, шәкірттердің алған білімдері амалмен және ұятпен бойға даритынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар студенттер өзін-өзі басқару барысында да қоғамдық жұмыстарға араласып, ынта-жігерімен белсенділіктерін таныту әрі бос уақыттарын зая кетірмей тиімді пайдалану керектігін айырықша атап көрсетті. Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, Жетісу жұртшылығының көзайымы болған «Жетісу» телеарнасына да найб мүфти сүхбат берді.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі