{gallery}18012016{/gallery}Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Әз Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі болсын) арналған «ҮММЕТ ҮМІТІ» атты рухани мәуліт кеші болып кетті.
Аталмыш шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы арнайы іс-сапарымен келіп қатысты. Талдықорған өңірінің мұсылман қауымын биылғы мәуліт мерекесімен діни басқарманың атынан бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді.
Бұл кеште "Өнер қырандары" театрының актерлары арнайы рухани-тәрбиелік қойылымдарын көрермен назарына ұсынса, Жұматай Оспан және Бекжан Тұрысов ағаларымыз Пайғамбарымызға арналған монолог және термелемен көрерменді толғандырды.
Пайғамбарымызға арнайы мәуліт оқылуымен қатар бұл кеште түрлі бейне баяндар және мұсылман бауырларымыздың діни әндері шырқалды.
Үммет үмітінен үміттеген көпшілік бұл кештегі алған әсерлерімен қоса көз жастарымен, Алладан Пайғамбарға салауат айтып, елімізге берекелі де тыныштық заман тілеп тарқасты.
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі