Басып шығаруға арналған нұсқасы

Білімдінің күні жарық

18 Jan 2016 0 comment Оқылды: 2350 рет

 

 Алматы қаласындағы ҚМДБ-ға қарасты Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында қазіргі таңда имамдар үшін білімдерін жетілдіруі үшін зор мүмкіндік бар. Аллаға шүкір білім ошағынан, әрі білікті ұстаздардан білім алып сусындаушылар саны артуда.

     Аталмыш  білім ордасынан Талдықорған өңіріне қарасты 8 аудан 1 қала бойынша білімін жетілдірмеген имамдар некен- саяқ. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында арнайы ат басын тіреп, ұстаздармен имамдарға зиярат етті әрі білімін жетілдіріп жатқан имамдарға тәжірбиелік баяндама жасады. Имамдар жасалған баяндаманы ықыласпен мұқият тыңдап,  арнайы келген өкіл имамға алғыстарын білдірді.

 Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз