×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/14012016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/14012016
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Тағылымы мол Мәуліт кеші

14 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1188 рет

 

      {gallery}14012016{/gallery}Талдықорған өңіріне қарасты, Алакөл ауданы,  Достық бекетінде орналасқан «Самал» мейрамханасында 300 адамға дастархан жайылып,  мәуліт мерекесі ауқымды көлемде аталып өтті. Бұл ғибраты мол рухани кешке Талдықорған өңірінің өкіл имамы, «Иман» мешітінің бас имамы Серікхан қажы Рымханұлы арнайы келді.

      Бұл игі сапар өкіл имамның апта ішіндегі Алакөл ауданындағы үшінші ауылға барған  сапары болатын. Қытаймен шекаралас жатқан Достық бекеті, шекарада орналасқанына қарамастан жан- жақтан қызметке келуші  жамағатының татулығы мен сый-құрметі жарасқан елді мекен.

    Арнайы ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі құран оқумен басталып, өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлының  Мәуліт мерекесі туралы уағызымен жалғасын тапты. Әсерлі де тартымды уағыздан кейін мәуліт оқылып, салауаттар айтылды. Мәуліт мерекесіне қатысушы жамағаттар арасынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

   Ертесі яғни, Күндердің сұлтаны жұма күні өкіл имам «Достық Ақ-мешітінде» жұма намазын өткізіп жамағаттармен жүздесіп қайтты.

 

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз