Жетінші қаңтар күні Алакөл ауданы Лепсі ауылының Горный хрусталь кафесінде Мәуліт мерекесінің құрметіне ауыл тұрғындарына арналып дастархан жайылды. Өткен ата-бабаларымызға арнап Құран оқумен басталған аста Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жиылған жұртты қасиетті мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірбаяны жайлы уағыз айтып, сауалдар қойып, дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табыс етті. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыз ақ қар, көк мұзда, қыстың қытымыр аязына қарамастан осындай керемет шараны ұйымдастырып келген өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлына ризалықтарын айтып, алғыстарын білдірді, әрі жылда осындай игі шараның өз ауылдарында өтіп тұруын қуана қолдайтындықтарын жасырмады.
Дастарханның жайылуына демеушілік еткен кәсіпкер азамат Бауыржан Кеңесбекұлы Оспанов ағамызға Алла разы болсын!