Басып шығаруға арналған нұсқасы

Пайғамбарлар мөрі атты рухани мәуліт кеші

11 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1215 рет

                        

Жыланды ауылында екі дүние сардары болған Мұхаммед с.а.с пайғамбарымыздың Мәуліт мерекесі болып өтті. Оған арнайы Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы арнайы келіп қатысты. Өкіл имам жиылған жұртты мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбар өмірі жайлы толғандырар уағыз айтты. Аудан әкімінің орынбасары Салтанат Меңлібаева аудан әкімі Әлібек Әскербекұлының ауыл халқына сәлемін жолдап, қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтады.  Иман мешітінің   найб имамы Керімбек  Дәуітов пен ұстаз  Мұхаммед Ордабай , Ескелді ауданының найб имамы Манарбек  Мұратұлы пайғамбарымызға арнап мәуліт салауат оқыса, ақын Данияр Құрамысов пен Алғысбек Дәурен бауырымыз да өздерінің арнайы ала келген иләһи әндері мен терме жырларын айтты. Жыланды ауылының мәдениет үйіне лық толған көпшілік бір жарым сағат болған рухани кешті зор ықыласпен тамашалады. Мереке,  ауылдың мақтанышы болған Бауыржан Кеңесбекұлының мәуліт мерекесіне арнайы жайған дастарханымен жалғасын тапты. Дастархан басында өткен ата-баба рухына Құран бағыштаумен басталып,  діни сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. Көптен бері осындай имандылық насихатқа зәру халық рухани азық алып, риза балып тарқасты.

Алакөл ауданының бас имамы Әнет Молдахметов

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз