{gallery}0112{/gallery}«Насихат жетпеген жер қалмасын», бұл - насихат жұмысындағы басты ұстаным. Осы ұранмен өңіріміздің түпкір-түпкірінде уағыз жұмыстары қарқынды жүріп келе жатыр.
Өкіл имам Серікхан Рымханұлы бұл жолы есту, сөйлеу қабілетінен айырылғандар мектебіндегі тәрбиеленушілерге хақ діннің құндылығы мен Алланың ұлықтығы туралы уағыз айтты.
Уағызды сол сәтте оқушыларға түсінікті тілде өздерінің сурдо аудармашылары аударып тұрды.
Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойды. Аз ғана уақыттағы тәрбие сағаты оқушылардың жүрегіне жылылық, көздеріне қуаныш сыйлады.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі