{gallery}33215{/gallery} Облыстық дін істер басқармасымен бірлесіп Алматы облысы, Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында осындай тақырыпта семинар болып өтті.
Ондағы басты мақсат, жас жеткіншектерімізді арам пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп қалмас үшін олардың діни сана сезімін көтеріп сауаттандыру.
Баяндамашылардың бірі дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттарымен таныстырса, екіншісі дәстүрлі діннің құндылықтары мен атадан қалған ұлы мұрамызды сақтап қалудың жолы өз дініңді толық қанды білу керектегін баса айтты. Енді бірі қандайда бір жолмен сол жолға түсіп, ел арасында алауыздық туғызатын болса заңмен жазаланатынын ескертті.
Жиын өте тартымды, белсенді түрде өтті. Құдайым сол жерде айтылғандарды қатысушылардың жүрегіне жеткізсін.