{gallery}17112015{/gallery}Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен өткен орталық «Иман» мешітінде арманы айқын, мүддесі ортақ жастармен кездесу болды.
Кездесу барысындағы талқыланған мәселелер жастарымызды дұрыс бағытта тәрбиелеу, әрі олармен жақсы мәміледе болу. Болашақ ел тізгінін қолға ұстар жастарға Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы ҚМДБ негізгі ұстанымын түсіндіріп, дәстүрлі діннің құндылықтарынан құлақ қағыс жасады.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі