×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/15112015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/15112015
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Мектеп оқушыларымен кездесті.

17 Nov 2015 0 comment Оқылды: 1629 рет

     {gallery}15112015{/gallery}Қараша айының 13 күні аудан имамы Әбудардан Таласбай Қаратал ауданындағы, Жаңаталап орта мектебінде  оқушылармен кездесіп, тағылымды әңгіме өрбітті.

    Оқушылармен емен-жарқын жүздесуде ауданның бас имамы Әбудардан Таласбай Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасымен таныстырып,ислам дінінің асыл құндылықтары, білім алудың пайдасы жайында егжей-тегжейлі баяндады. Нақтырақ айтсақ, ислам дініндегі парыз, сүннет, уәжіп, мұстахаб секілді амалдарды шәкірттерге жете түсіндіріп, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа шақырды. Мәселен, макрух амалдарына жататын құмар ойын ойнау, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, насыбай ату секілді жаман әдеттен аулақ болуға үндеді.

    Қазіргі таңда өзекті болып отырған суицид - адамның өз-өзіне қол жұмсауы, ер адамның әйел киімін киюі харам істерден екенін айтып, ұрлық, кісі ақысын жеу, әлімжеттік екі дүниеде де бақытқа жеткізбейтініне баса назар аударды. Сондықтан Алла тағаланы танып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы бізге жеткен құран кәрім кітабы мен ислам дінін дәріптеп, ата-бабамыз ұстанған Әбу Ханифа мәзһабын, имам Матруди ақидасы бойынша амал қылу қажеттігін алға тартты. Өйткені, қоғамда ислам атын жамылған жат ағымдардың алдауына еріп, тура жолдан тайқыған мұсылман бауырлармыз бар екенін айтты. Жиһад деген тек соғыс емес, адам бойындағы нәпсімен күресу, білім алуға талпыну екенін мәлімдеді.

- Алла тағала білімдеріңізді арттырсын! Білім алу, ілімді артыру ислам дінінде ең ізгі амалдардың қатарына жатады. Тіпті судағы балықтар да Алла тағаладан білім жолындағы адамдарға жақсы дұға жасайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Қытайда болса да білім алыңдар» деген хадисі біздерге ой салу қажет. Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету, туған-туыс, жақындарға жәрдемші болу секілді ізгі амалдар жасауға асығыңыздар, - деді аудан имамы Әбудардан Нұрсапаұлы.  

  Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын дін өкіліне қойып, толыққанды жауаптар алды. Мектептің директоры Шолпан Сүндетбайқызы оқушыларға білімсіз, оқымаған адам түрлі жамандық жасайтынын айта келе, үгіт-насихат жүргізген аудан имамы Әбудардан Таласбайға көпшілік атынан ризашылығын білдірді. Аудан имамы ауылдық мешітінде болып жамағатға уағыз насихат айтып,Тұғырнамамен таныстырды.

А. Өмірбаев.  

    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз