×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/1233456
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/1233456
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Кездесулер саны арта түсуде

14 Nov 2015 0 comment Оқылды: 1620 рет

  {gallery}1233456{/gallery} Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының 2015 жылғы белгілеген жоспарының тағы да бір нәтижесін іске асыра отырып, қала имамдары мен 8 ауданның бас имамдары жалпы саны, 23 имам Талдықорған өңірі бойынша аудан ауылдардың 23-де болып ең жоғарғы деңгейде 52 шара атқарып  қайтты.

 Басты мақсат аудандардағы колледж студенттері, ауыл емханаларының дәрігерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, уағыз-насихаттарын жүргізіп, және жұма намазына келген мешіт жамағаттарына ҚМДБ-ның Тұғырнамасымен таныстырып, Имам Ағзам Әбу Ханифаның мазһабын кеңінен насихаттау болып табылды.

    Кездесулер барысы қызықты да тартысты өтті.  Жиынға қатысушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды. Осындай кездесулердің өңірде жиі болуының түпкі мақсаты, әрбір жас ұрпақ  бақытты ғұмыр кешуге құқылы. Соның үшін, сапарлас болған  имамдар мен ұстаздар, келешек жастарды теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде кетіп қалмауын насихаттауға аянбай еңбек етуде белсенділік танытып келеді.

    Қорыта айтқанда, Талдықорған өңіріне қарасты барлық 8 аудан мен 1 қалада осы жыл табысты болып, өңір бойынша уағыз-насихаттар толығымен қамтылғаны көңілге қуаныш сыйлады.

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі                     

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз