×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/11111
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/11111
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың!

08 Nov 2015 0 comment Оқылды: 2366 рет

{gallery}11111{/gallery}ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының арнайы ұйымдастыруымен өткен Текелі қалалық «Қарттар мен мүгедектер» үйіндегі шарада көздеріне жас алмаған адам қалмаған шығар. Тосынан болған кездесу, қарттар мен мүгедек жандардың көңілдеріне қуаныш сыйлап, бір серпілтіп тастады.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Рахымдылық танытпағанға, рахымдылық танытылмайды» дегендей, қарттармен мүгедек жандарға арналған концерттік бағдарлама бойынша өкіл имамның жүрекжарды ақ тілегінен кейін, Талдықорған қаласы, Сүйімбай атындағы филормонияның әншілері,  екі тілде термелер, туған жер, ана туралы әндерді шырқағанда, қарттармен мүгедек жандардың көздеріне жас үйірілді.  Кездесу соңында дастархан жайылып, ата-әжелерімізге ұлы сапар қажылықтан келген зәм-зәм сулар мен әжуа құрмаларынан дәм татқызып, сый-сыяпаттармен жасалды. Осындай игі шараны ұйымдастырған өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлына қарттармен мүгедек жандар, алғыстарын айтып, ақ жол тіледі.

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз