{gallery}10102015{/gallery}Алматы облысы, Талдықоран өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының тікелей бастамасымен өңірге қарасты Кербұлақ ауданына «Қарты бар үйдің-құты бар»демекші, қарттар күніне орай игі шараларға мұрындық болды. Өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы Сарыөзек кентімен ауданға қарасты Шоқан ауылының қарттармен кездесіп, ата-әжелерімізді қарттар күнімен құттықтады. Арнайы жайылған дастарханнан дәм татқан қарттарымыз өкіл имамға дән риза болып, ақ баталарын берді.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі