Басып шығаруға арналған нұсқасы

«Берекелі-мереке» атты рухани патриоттық кеш өтеді

30 May 2015 0 comment Оқылды: 1782 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен тұңғыш рет қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі-мереке» атты рухани патриоттық кеші өтеді.

Рухани кеште діни әндер мен жырлар орындалып, тағылымды қойылымдар көрсетіліп, уағыз айтылады.

Кешке белгілі өнер жұлдыздары қатысады. Атап айтқанда, «Заман» тобы, «Мело'мен» тобы, «Сұңқар» тобы, белгілі әнші Ринат Төре мен Қанатбек Полатбек қатысады.

Рухани кеш 14 маусым күні сағат 19:00-де Алматы қаласында «Студенттер» сарайында өтеді.

muftyat.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз