Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті.
Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:
«Мәнерлеп оқу» бойынша:
І орын ( 1 000 000 теңге) – Қуаныш Сейтқанов (Алматы қаласы, 29 жаста)
ІІ орын (700 000 теңге) – Ерболат Шаудырбай (Нұр-Сұлтан қаласы, 24 жаста)
ІІІ орын (500 000 теңге) – Әнуар Сырымұлы (Алматы аймағы, 20 жаста)
«10 пара» бойынша:
І орын (1 500 000 теңге) – Гиесжон Абдикадиров (Павлодар облысы, 22 жаста)
ІІ орын (1 000 000 теңге) – Әділет Саяжанов (Қарағанды, 27 жаста)
ІІІ орын (750 000 теңге) – Әбілхайыр Жұбан (17 жаста)
«20 пара» бойынша:
І орын (2 000 000 теңге) – Нұртілеу Сейтқасым (Қарағанды, 9 жаста)
ІІ орын (1 500 000 теңге) – Хабиболла Раушан (Ақтөбе, 19 жаста)
ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Исламнұры Игілік (Түркістан, 14 жаста)
ІV орын (700 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Абдулбақи Абдилазиз (Алматы қаласы, 9 жаста)
V орын (500 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Умайр Абдусаттар (Жамбыл облысы, 13 жаста)
«30 пара» бойынша:
Бас жүлде (автокөлік) – Әлібек Жалиев (Шымкент, 18 жаста)
ІІ орын (3 000 000 теңге) – Мансурхан Сарварханұлы (Алматы қаласы, 11 жаста)
ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Ниғматуллох Абдазимов (Түркістан, 14 жаста).
ІV орын (кіші қажылық) – Абуали Қалпашов (Ақмола облысы, 18 жаста)
V орын (кіші қажылық) – Бекзат Тасболатов (Ақтөбе, 18 жаста)
{gallery}Jarys.14.10{/gallery}