Басып шығаруға арналған нұсқасы

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛАДЫ

28 Aug 2021 0 comment Оқылды: 506 рет

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.

 

Адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран Хатым дұғасы оқылады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз