Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Руханият және жастар " атты I халықаралық жастар форумында даңқты спортшы, олимпиада чемпионы жастарға арнап ұлағатты ойларын ортаға салды. Ол: "Ініге жол көрсететін аға, ағаға жол көрсететін іні болса ешкім жат ағымның жетегінде адаспайды" деді. Б.Артаев жиналған қауымды келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деп, шараны жоғары бағалады.