Қажылыққа аттатанған отандастарымыздың алғашқы легі Мәдина қаласына жетті. Биыл тәу етушілер қасиетті мекенге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей рейспен ұшып баруда. Сондықтан былтырғыға қарағанда биыл жол азабы да айтарлықтай жеңілдеген. Қазір Мәдинаға жеткен 1200-ге жуық отандасымыз 14 қонақүйге орналасып, құлшылықтарын бастап кетті. Қажылық парызын өтеуге кеткендердің арасында тілшіміз Диас Нұрақын да бар.