Басып шығаруға арналған нұсқасы

Елімізде «халал» өндірісі бір қалыпқа түсірілмек

13 May 2016 0 comment Оқылды: 1014 рет

Енді дүкенге, не дәмханаға барсаңыз, азық-түліктің, болмаса қызмет түрінің «халал» екенін растайтын сертификатының бар-жоғын сұрай аласыз.

Елімізде халал өндірісі бір қалыпқа түсірілмек. Бұл туралы Аграрлық техникалық университетте өткен аккредиттеу жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.  

Бүгінде тауарлар мен қызмет түрлеріне ондай белгі қойып, халықты алдап, табыс тауып жүргендер аз емес. Енді бұл аккредиттеу тұрғысынан бақыланбақ. 

Біржан Қанешев, техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы 

-Аккредиттеу жүйесі зертхана арқылы бақыланады. Біз тікелей қадағаламаймыз. Яғни сөрелерді тексермейміз. Сапаны инспекция жүйесі арқылы бақылаймыз. Біз жанама бақылауды күшейтетін боламыз. Ол нарықтағы бәсекелестікке мүмкіндік береді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз